Атырау тұрғыны ЖҚЕ бұзғаны үшін биылғы жылы тоғыз рет ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау тұрғыны ЖҚЕ бұзғаны үшін биылғы жылы тоғыз рет ұсталды

444

Smiley face

Атыраудың патруль қызметкерлері кезекті тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартты. Ресейлік мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көлік жүргізушісі ЖҚЕ бұзғаны үшін биылғы жылы тоғызыншы рет тоқтатылды.  

"Бұл жолы Атырау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Сәтпаев даңғылында орналасқан "Меркур-Авто" автосалонының жанында "BMW" маркалы автокөлігін тоқтатты. Тоқтаудың себебі - автомобильде жүргізуші орнынан алдыңғы және бүйір әйнектерінде көрінуді шектейтін қосымша құралдарды орнату.

Тексеру барысында рөлдегі 27 жастағы жергілікті тұрғын осы жылы дәл сол тәртіп бұзушылық үшін 8 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталды", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды, оған сәйкес ол 50 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндетті.


Көзі: yunews.kz