Қалада 49 проблемалы нысан бар – Тоқаев Нұр-Сұлтандағы жауапсыз мердігерлер жайлы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қалада 49 проблемалы нысан бар – Тоқаев Нұр-Сұлтандағы жауапсыз мердігерлер жайлы

444

Smiley face

Елордада тұрғын үйді іске қосу қарқынының және құрылыс жұмыстарының көлемінің төмендеуі байқалса, 13,5 мың үлескер құрылыстың аяқталуын және жаңа пәтерлерге қоныстануды күтуде.

Нұр-Сұлтанда 49 проблемалы құрылыс нысаны бар. Президенттің айтуынша, үлестік құрылыс мәселесін шешуге 40 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде  4,5 миллиард игерілді. Осыған қарамастан, елордалық әкімдік қосымша 170 миллиард теңге сұрайды. 

«Кейбіреулерде жобалық-сметалық құжаттама бойынша проблемалар болды. Тұрғындарды сан-соқтырған алаяқтардың көбі сотталды және олар заң аясында жауап беретін болады. Олар құжаттарын жоғалтқан немесе тапсырмаған. Осы уақыт ішінде біз құжаттарды дайындаумен айналыстық, қаржы институттарымен, екінші деңгейлі банктермен және біздің орталық мемлекеттік органдармен жұмыс істедік", - деп баяндады  Тоқаевқа Президенттің төрағалығымен өткен елорданы әрі қарай дамыту жөніндегі кеңесте елорда әкімі Алтай Көлгінов.  

"Аляқтар" деген сөз шықты. Құрылысшылар арасында олардың саны артып барады. Бас прокуратураға, ІІМ-ге айттық. Осы мәселені түбегейлі шешу керек. Өйткені олар өз әрекетімен біздің азаматтарымыздың құқығына қол сұғады. Олар біздің азаматтарымызды алдап, далада қалдырды. Осы жағдайда мемлекет қол қусырып қарап отырмауы керек", - деді Тоқаев. 


Көзі: yunews.kz