Маңғыстау прокурорлары УҰИ-дан заңсыз ұсталған 10 адамды босатты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау прокурорлары УҰИ-дан заңсыз ұсталған 10 адамды босатты

444

Smiley face

Маңғыстау облысының прокуратурасында құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың құқықтарын сақтау мәселесі бойынша кезектен тыс алқа отырысы өтті.

Жыл басынан бері облыс бойынша 1 мыңнан астам бұлтартпау шарасы таңдап алынды, оның ішінде 755 ешқайда кетпеу туралы қолхат, тағы 25 адам үйқамаққа жіберілді, ал 248 адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Алайда, осы статистиканы зерттеу және талдау барысында прокурорлар полиция тарапынан заң бұзушылықтарға тап болды.

"Прокурорлар ағымдағы жылы күдіктілердің әрекетін саралау туралы 3 заңсыз шешімнің күшін жойды. Сонымен қатар, 9 азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухаттарды қолдаудан бас тартылды. Уақытша ұстау изоляторларынан және қызметтік кабинеттерден заңсыз ұсталған 10 адам босатылды. Осыған байланысты, отырыс барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты ұстау, жеткізу және бұлтартпау шараларын таңдау кезінде туындайтын, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары қылмыстық істерді тергеу және олар бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау кезінде жол берген жүйелі бұзушылықтар қаралды",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Нәтижесінде прокурорлар азаматтардың құқығын бұзудың әрбір фактісі бойынша басшылар мен кінәлі тұлғаларды қатаң жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұдан басқа, олар ашық және бейнебақылау камераларымен жабдықталған тергеу кабинеттерінің санын ұлғайтуды, сондай-ақ келушілердің мәліметтерін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйелерінің дерекқорына енгізе отырып, электрондық есепке алуды тәртіпке келтіруді ұсынды.


Көзі: yunews.kz