Елордада жайлылық жоқ – Тоқаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада жайлылық жоқ – Тоқаев

444

Smiley face

Елордада қалақұрылысы саясатының жоқ болуы күн тәртібінде тақырып болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қала көшелері мен ғимараттарының біріңғай дизйн-кодын рәсімдеуді тапсырды

Мемлекет басшысының айтуынша, қалада жайлылық жоқ, және бұл ғимараттарды стильдеумен байланысты.

«Бір ғимарат бір стильде, екіншісі мүлде басқа. Ең бастысы – жайлылық жоқ. Плиталар ұшып, асфальт жарылып жатыр, ағаштар аз, соның салдарынан қаланы күтіп бақпайтыны көрінеді. Иесі жоқ», – деді Президент.  

Қожайын ретінде негізі аудан әкімдері болуы керек: олар, Президенттің сөзінше, кеңсесінде отыра бермей жаяу жүріп, тұрғындарын білуі керек, ғимараттардың, адамдардың өмірін білуі керек.

«Қаланың қандайда бір шаруашылық иесі бары байқалмайды. Әрине, ауа-райында ескеру керек. Солтүстік Еуропада орналасқан қалалар да бар емес пе? Сол себепті кеш болмай тұрып Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен ғимараттарының біріңғай дизйн-кодын рәсімдеуді тапсырамын. Бұл менің әкімдікке деген қатаң тапсырмам», – деді Президент. 


Көзі: yunews.kz