БҚО-да 200 га орман мен саяжайлар жанып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

БҚО-да 200 га орман мен саяжайлар жанып кетті

444

Smiley face

Орал қаласының маңындағы екі  ауданда болған өрт бүгін таңертең ауыздықталды.

ТЖ Департаментінде Теректі және Бәйтерек аудандарындағы өрт сағат 10.24-да оқшауланып, 10.53-те сөндірілгендігін хабарлады. Тағы үш минуттан кейін Озерный кенті ауданында тарату жарияланды. Өртке қарсы күзеттің жауынгерлері елді мекенге жақын маңда отты тоқтата алды.

Апат салдары мынадай: бір тәуліктен астам уақыт ішінде БҚО-да 200 гектар орман мен саяжайлар жанып кетті, "Автомобилист", "Арматурщик" және "Яик" бау-бақша серіктестіктерінде саяжай құрылыстары мен үй-жайлар зардап шекті, соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 31 құрылыс өртенген. Шолпан кентінің 30 тұрғыны мен саяжайдан 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгін олардың барлығы өз үйлеріне оралды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан электр берудің тірек желілері зақымданды, нәтижесінде кейбір елді мекендер жарықсыз қалды.

Өрт сөндіруге ТЖД, орман шаруашылығы, полиция, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 314 адам және ҚТЖ өрт сөндіру поезынан 6 адам жұмылдырылды. Жоюға 45 арнайы техника мен үш мотопомпа жұмылдырылды.

Табиғатқа, адамдарға және мемлекетке келтірілген залал анықталуда.  Бүгінгі таңда адам құрбандары тіркелген жоқ.

ТЖД-де сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің материалдық өтемақы алуға мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олар жергілікті атқарушы органға белгіленген нысан бойынша толтырылған материалдық залалды өтеу туралы өтініш беруге тиіс. Бұдан әрі жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен өтінішті қарауды жүзеге асырады.

Ақшалай қаражат облыстың төтенше резервінен бөлінетін болады.


Көзі: yunews.kz