Қазақстандық гимнаст Милад Карими батутта Олимпиада лицензиясын жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық гимнаст Милад Карими батутта Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

444

Smiley face

Немістің Штутгартт қаласында спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты басталды. Батуттағы қазақстандық гимнаст Милад Карими Токиода өтетін Олимпиада-2020  ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды  Olympic.kz.

Бұл оның "көпсайыстан" әлем біріншілігінің финалына шығуының арқасында мүмкін болды. Жарыс қорытындысы бойынша Милад 81.599 ұпай жинады. Жарыстың финалы жұма, 11 қазан күні өтеді.  Төртжылдықтың басты стартына командалық лицензияны жеңіп алу үшін Қазақстан командасы әлемдік біріншілікте ТОП-12 команданың қатарына кіруі тиіс болатын.

Ресей, Қытай және Жапония командалары өткен жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша лицензия жеңіп алды. Сондықтан біздің балаларға чемпионаттың алғашқы ондығына кіру керек болды.  Құрамында Нариман Курбанов, Ілияс Азизов, Ербол Жантықов, Әкім Мұсаев пен Милад Карими болған Қазақстан командасы 243.897 ұпай жинады. Бұл нәтиже 16-шы болды.


Көзі: yunews.kz