4 айлық бала шеге жұтып қойды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

4 айлық бала шеге жұтып қойды

444

Smiley face

Шымкенттік медицина қызметкерлері шеге жұтып қойған 4 айлық баланы құтқарды. Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері рентген түсірілімінде сәбидің асқазанынан темір шеге тапты.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, баланың ата-анасы алдымен Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне баланың буындары ауырады деп жүгінген. Ортопед-мамандар рентгенде баланың асқазан-ішек жолында темірді кездейсоқ тапқан және оған жедел түрде операция жасалды, өйткені балақайдың өміріне қауіп төнді: шеге АІЖ тесіп кетуі мүмкін еді.

Жасалған жабық операциядан кейін баланың жағдайы жақсарды, ол ауруханада бір аптадай бақыланды, кейіннен үйге шығарылды. Операцияны қалалық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері: Сұлтанғали Сарыбай, Амантаев Жақсылық, Құрманалиев Асанбай жасады.

Баланың ата-анасының айтуынша, бала шегемен ойнап отырып, олардың бірін кездейсоқ жұтып қойған. Ата-анасы мұны байқамаған, және тек медициналық тексеру кезінде баланың асқазанында бөгде дене анықталды. Қазір 4 айлық баланың денсаулығына қауіп жоқ.


Көзі: yunews.kz