Бейнебақылау камералары тек жүргізушілерге айыппұл салуға бағытталған, ал олардың негізгі қызметі - қоғамдық қауіпсіздік - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бейнебақылау камералары тек жүргізушілерге айыппұл салуға бағытталған, ал олардың негізгі қызметі - қоғамдық қауіпсіздік

444

Smiley face

ЖКО саны 15,5%-ға өсті, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Зардап шеккендердің саны 42%-ға, ал автокөлік ұрлығы 20%-ға өсті.

"Бұл сандар өте қауіпті. Құқық қорғау органдары жағдайды жақсарту жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті. "Сергек" жобасы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін толық көлемде пайдаланылмайды деп есептеймін. Басты назар тек жүргізушілерге айыппұл салуға бағытталған, ал әкімдік пен бүкіл Үкіметтің міндеті - бұл бүкіл қаланы цифрландыру. Мен осындай міндетті елорда басшылығының алдында, және әрине, Үкімет пен тиісті министрліктер алдында қоямын. Ішкі істер министрлігіне жолдардағы жарақаттану мен өлім - жітімді азайту мақсатында жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажет", - деп тапсырды Президент.

Маңызды мәселе - су тасқыны кезеңінде су басудан қорғау. Қасым-Жомарт Тоқаев Есіл өзенін нығайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.


Көзі: yunews.kz