Сіздер қаланың әр тұрғыны үшін жауаптысыздар – Токаев елордалық әкімдікке - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сіздер қаланың әр тұрғыны үшін жауаптысыздар – Токаев елордалық әкімдікке

444

Smiley face

Жыл басынан бері балалардың терезелер мен балкондардан құлаған 14 жазатайым оқиғасы орын алды. Бүгін елорданы одан әрі дамыту жөніндегі отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

"Біз осындай қайғылы оқиғалардың қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін барлық шараларды қабылдауға тиіспіз. Құрылыс нормаларында қауіпсіздіктің нақты параметрлерін күшейту қажет деп санаймын. Біз, әрине, қандай да бір ғимараттарды салу шарттарын жеңілдетеміз, ал екінші жағынан, кейбір құрылысшылар, кәсіпкерлер осының бәрін асыра пайдаланады. Әрине, үйлерге қатысты қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану керек. 14 бала терезеден құлап кетті. Бұл олардың ата-аналарының, қамқорлықтағы адамдардың тікелей кінәсі, бірақ бұл әкімдіктің де міндеті. Негізінде, Сіздер бәрі үшін, қаланың әр тұрғыны үшін жауаптысыздар", - деді Президент.

Соңғы жылдары пайдалануға қабылданған бірқатар нысандар өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұза отырып жұмыс істейді, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Елордада 39 тұрғын үйдің сыртқы қасбеттері жанатын материалдарды пайдаланып салынған. Бұл мүлдем жарамсыз. Қауіпті", - деді Мемлекет басшысы.

 Президент Үкіметке және қала әкімдігіне ғимараттар мен құрылыстардың құрылысына өрт қауіпсіздігі тұрғысынан жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама енгізу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

"Тұрғын үйлердің қасбеттерінің жанатын әрлеуін кезең-кезеңмен бөлшектеу және өрт сөндіру қызметін барлық қажетті техникамен қамтамасыз ету қажет",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жыл басынан бері елордада есірткі қылмыстары 7%-ға артқан.

"Есірткі қылмыстарына келетін болсақ, мен өз Жолдауымда есірткіні заңсыз таратумен, сатумен айналысатын адамдарға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек деп айттым. Мен жақын арада Үкімет депутаттық корпуспен бірге біздің заңнамаға тиісті өзгерістер енгізеді деп күтемін. Есірткі тасымалдаушыларды қатаң жазалауымыз керек", - деді Қазақстан Президенті.

 


Көзі: yunews.kz