«Ата кәсіп» деректі фильмі Солтүстік Кавказдағы фестивальге қатысуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Ата кәсіп» деректі фильмі Солтүстік Кавказдағы фестивальге қатысуда

444

Smiley face

Режиссер Берік Жахановтың «Ата кәсіп» деректі фильмі Нальчик қаласында 2019 жылдың 4-10 қазаны аралығында өтіп жатқан XIII «Кунаки» фестивалінің «Өткен шақ және келешек» номинациясына таңдап алынды. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді, деп хабарлайды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.  

 «Кунаки» фестивалі – Ресей мен шетелдің киногерлері, сондай-ақ телевизиялық бағдарламалардың  өндірушілері бас қосатын шығармашылық алаң. Осымен он үшінші рет ұйымдастырылған бұл халықаралық фестиваль Кавказ бен Ресейде өтетін маңызды мәдени іс-шаралардың бірі.  

«Ата-кәсіп» деректі фильмі «Қазақстанның түркі тектес халықтары» циклы бойынша арнайы түсірілген. Бұл деректі цикл көп ұлтты Қазақстанда тұратын түркі этносына арналған. Аталған деректі фильм өзбек ұлты туралы, оның ішінде ата-кәсіп – бесік жасаумен айналысатын 47 жастағы Абдуманат Зупаров есімді шебердің өмірін баяндайды.

Smiley face

Айта кетсек, былтыр «Ата кәсіп» деректі фильмі Алматыда өткен VII Халықаралық «Бастау» кинофестивалінде Ораз Әбішев атындағы «Ең үздік деректі фильм» жүлдені иемденді. Сондай-ақ Бауыржан Нөгербектің 70 жылдығына арнайы ұйымдастырылған кинофестивальде қазылар алқасының жүлдесімен және «Vosmerka.kz» сайтының арнайы жүлдесімен (тақырыпқа терең үңіліп, деректі фильмдерді түсіру дәстүріне бар ықыласпен берілгені үшін) марапатталды. Биыл «Ата кәсіп» фильмі Севастопольдағы XV «Жеңіске бірге жеттік» («Победили вместе») халықарылық деректі фильмдер және телебағдарламалар кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіе қол жеткізді.


Көзі: yunews.kz