Степногорск тұрғынынан 10 кг жарылғыш зат табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Степногорск тұрғынынан 10 кг жарылғыш зат табылды

444

Smiley face

Ақмола облысында "Петроген-34П" жарылғыш заттарының заңсыз айналымы үшін Степногорск қаласының тұрғыны сотталды.

Бұған дейін хабарланғандай, Степногорск қаласының полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚКД Степногорск ҚБ-мен бірлесіп, Степногорск аймағының аумағында жарылғыш заттар мен олардың компоненттерінің заңсыз айналымы фактісі бойынша "Қазақалтын" ТМК» АҚ "Ақсу" кенішінің жарушысы лауазымында жұмыс істейтін 33 жастағы ер адамның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті.

Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 10 килограмнан астам "Петроген-34 П" жарылғыш затын тәркіледі.

Ақмола облысы ПД-нің хабарлауынша, Степногорск қалалық сотының үкімімен күдікті ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімімен (Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

АНЫҚТАМА:

"Петроген-34 П" - капсула сезгіш эмульсиялық жарылғыш зат. Диаметрі 32-90 ММ патрондарда шығарылады. Шпурлар мен ұңғымаларды жер үсті және жер асты жағдайларында, газ бен шаң бойынша қауіпті емес оқтауға арналған.


Көзі: yunews.kz