Өскеменде 70 жастағы алаяқ кемпір ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде 70 жастағы алаяқ кемпір ұсталды

444

 Smiley face

Жақында құқық қорғау органдарына Өскемен қаласының екі тұрғыны арызданған.  Зардап шеккендердің айтуы бойынша, белгісіз егде жастағы кемпір пәтерде тұрып, жалпы үйдің жылу есептегішін орнату сылтауымен 20 000 теңге көлемінде ақша алып кеткен.

«Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында учаскелік полиция инспекторы жедел топпен бірге кезекші бөлімге қарт зейнеткерді жеткізді. Ол өзінің кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Ал Семей қаласында тұрғындарға жеңілдікпен қаржы кредитін алып бермекші болған 27 жастағы алаяқ келіншек қолға түсті.


Көзі: Yunews.kz