Қазақстанда Абайдың 175 жылдығына орай 500-ден астам шара өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда Абайдың 175 жылдығына орай 500-ден астам шара өтеді

444

 Smiley face

Семейге жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин барды. Сапар аясында Үкімет басшысы қала активімен Семей қаласы 2020-2025 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды жүзеге асыру, сондай-ақ Абайдың 175-жылдығына дайындық мәселелері бойынша кездесу өткізді.

2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы айта келе, А. Мамин Үкімет халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шараларды қамтитын жоспардың орындалуын ерекше бақылауға алатынын атап өтті.

Smiley face

«Елбасы мерейтой мемлекеттік деңгейде атап өтілетінін айтты. Абай еліне әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Сондықтан біздің басты міндетіміз – жоспарланған барлық іс-шараларды ұтымды ұйымдастыру және лайықты өткізу»,-деді Премьер-Министр.

Қалалық ақпараттық орталықта А. Мамин өз сапары барысында «СемАз» және «DaewooBusKazakhstan» ЖШС автоқұрастыру кәсіпорындарының қызметімен, сондай-ақ «Абай Арена» мәдени-спорттық кешенінің және «Қарағайлы» шағын ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz