Солтүстік Қазақстан облысында агроқұрылымдар соя жинауға кірісті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстан облысында агроқұрылымдар соя жинауға кірісті

444

Smiley face

Биыл тиімділігі жоғары дақыл 20 мың гектар алқапқа егілген. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Солтүстік соя» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Өңірде соя өсіруге үлкен үміт артылуда. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бірнеше рет соя дақылын өсіру пайдасын атап өтті. Жергілікті аграрий Анатолий Рафальский жиын барысында оң нәтижелермен бөлісті. Айтпақшы, Тайынша ауданында сояның ең үлкен егіс алқабы бар. Ауданға сапар барысында Құмар Ақсақалов егіс алқабына барып, дақылдың қалай өсіп жатқанын көрді.

«Облыс бойынша соя жинау жұмыстары жүріп жатыр. Жоғары рентабельді дақыл аграршыларға айтарлықтай табыс әкеледі. Әлемдік нарықта 1 тонна соя бұршағы 150 мың теңге тұрады. 15 центнер соя 30 ц/га бидайға тең. Биылғы жылы «Солтүстік соя» бағдарламасы бойынша 15 мың гектар жерге егілді. 2020 жылға бағдар - 150 мың гектар. Агродиверсификация шаруашылықтардың табысын арттырады және тиісінше ауыл тұрғындарының табысын молайтады», - деп жазды аймақ басшысы Facebook-тегі өзінің бетінде.

Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел мәліметтері бойынша, облыстың агроқұрылымдары соя алқабының 40% - дан астамын жинады. Орташа өнімділік гектарынан 7,2 центнерді құрайды.


Көзі: Yunews.kz