Күзетшілер Қазақстандағы ең тапшы мамандық болып қалуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Күзетшілер Қазақстандағы ең тапшы мамандық болып қалуда

444

Smiley face

2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша күзетшілер электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындар санының арақатынасы бойынша Қазақстандағы ең тапшы мамандықтардың көшбасшысы болып тұр.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары атап өткендей, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың) кірді.

Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына: санитарлар, жүк автокөліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді.

Республика бойынша еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді, ал күзетшілердің жалпы бос орындар санының үштен екісі 2 өңірге тиесілі екендігін айта кету керек. Қостанай облысында (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласында (1034 бос жұмыс орны) осы кәсіптің адамдары неғұрлым сұранысқа ие.

Ал Шымкентте күзетшілер тапшы 25 мамандықтың тізіміне де енбей қалған. Еліміздің Оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие орта мектеп мұғалімдері (935 бос орын) болды. 


Көзі: Yunews.kz