Алматылық тұрғын полиция қызметкеріне 10 "айфон" сатпақшы болған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматылық тұрғын полиция қызметкеріне 10 "айфон" сатпақшы болған

444

Smiley face

Алматылық  тұрғын «Айфон» маркалы контрафактілік телефонды полиция қызметкеріне сатпақ болған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел мәліметтер бойынша Интернетте "Apple" компаниясының жалған өнімдері сатылатыны туралы біліп,  сатушыны анықтады.

Қаланың ПД хабарлауынша, ер адам штаттық киімдегі полиция қызметкеріне 160 мың теңгеге 10 смартфонды бірден  сатуға тырысқан, ол әр телефон үшін  18 мың сұраған.

Алдыңғы сатып алушылардың бірі, ұялы телефонын (ата-анасы сыйға тартқан) ломбардқа салып, үй ішіндегілер телефонның жоқ екенін байқамас үшін орнына жалған «айфон» сатып алған.

Смартфондардың әрқайсысы "Android" операциялық жүйесінде болды, бұл өнімнің жалған екенін растайды.

Оның қылмыстық іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 198-бабы 2-бөлігі бойынша ресми түрде тіркеліп, жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілді.

"Қазіргі уақытта "Apple" компаниясының Қазақстан Республикасының аумағындағы құқық иесі материалдық шығын сомасын белгілейді. Сонымен қатар, аталған қылмыстық істі тергеу барысында алынған өнімнің контрафактылығын анықтау мақсатында сот-тауартану сараптамасы тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

 


Көзі: yunews.kz