Алға, шабуылға! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алға, шабуылға!

444

Smiley face

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері далалық шығуды жүзеге асырды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бір ай бойы әскери қызметшілер «Мәтібұлақ» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін пысықтап, тактикалық, арнайы тактикалық, барлау және техникалық даярлықтан өтті. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің лагерьлік жиындағы басты кезеңі зениттік дивизиондардың жауынгерлік және оқу атуларымен тактикалық оқу-жаттығуды жүргізу болып табылады. Дивизиондар ЗСУ-23-2 зениттік қондырғылардан, «Оқ-10» және «Ине» зымырандық кешендерінен жергілікті және әуе нысандары бойынша атуды орындады.

Smiley face

«Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің далалық шығудағы басты мақсаты далалық машықты және әртүрлі ұрыс түрлеріндегі үйлесімділікті шыңдау болып табылады. Дивизионды-тактикалық оқу-жаттығулардың жауынгерлік ату қорытындысы біздің өңірлік қолбасшылық бөлімшелері әскери қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейінің біршама жетілгендігін көрсетеді» - деп «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ӘШҚҚ әскерлерінің бастығы подполковник Жасұлан Баймұсынов атап өтті.

Бөлімшелердің далалық шығу аясындағы маңызды шаралардың бірі жеке құрамды орналастыру үшін далалық лагерьді жабдықтау болып табылады.

Smiley face

«Оқу процесінің жақсы ұйымдастырылуы, команданың тапсырма орындаудағы анықтылығы, командирдің арқасы» - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ӘШҚҚ әскерлерінің бастығы подполковник Жасұлан Баймұсынов. Далалық шығу командирлер үшін бөлімшелерді басқарудағы дағдыларын жетілдіруге, ал зениттік бөлімшелердің әскери қызметшілері үшін шеберліктерін шыңдауға жақсы мүмкіндік. Зениттік дивизионда қызмет етіп жүрген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін далалық шығу ерекше есте қалды. Жас әскери қызметшілер өздерін күрделі жағдайларда сынап көрді. Осындай шараларда әскери бауырластық пен өзара көмек көрсету нығая түседі

Smiley face


Көзі: yunews.kz