СҚО-да мүгедек балалар қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілмеген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СҚО-да мүгедек балалар қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілмеген

444

Smiley face

Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура мүмкіндігі шектеулі балалар құқықтарының, оның ішіне білім алу құқығының сақталу деңгейін тексерді.

Анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі – мүгедек балаларды оңалтуға арналған бағдарламалардың сапасыз әзірленіп жасалғандығы, мектептердің инклюзивті білім беру талаптарына ішінара сәйкессіздігі, қондырғылармен қажетті деңгейде жарақтандырылмауы, оқытушылардың еңбекақыларына тиісті қосымшалардың енгізілмеуі, олардың біліктілікті арттыру курстарынан өтпеуі және т.б.», - деп хабарлайды СҚО прокуратурасы баспасөз қызметі.

181 мүмкіндігі шектеулі бала жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.

Мүгедек балалары үйде оқитын екі ата-анаға ортақ сомасы 32 мың теңге болатын міндетті әлеуметтік жәрдемақы төленбеген.

Тексеріс барысында 90-нан астам заң бұзушылық анықталып, прокурорлық қадағалаудың 57 актісі енгізілді, мүгедек балалардың құқығын бұзған 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 100-ден астам мүгедек баланың құқығы қорғалды, 18 млн теңге шамасында үстемеақы төленді (инклюзивті білім беру үшін мұғалімдерге  40% үстемеақы).

 


Көзі: yunews.kz