Қостанайлық полицей кикбоксингтен әлем кубогының иегері атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанайлық полицей кикбоксингтен әлем кубогының иегері атанды

444

Smiley face

Қостанай облысы полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының қызметкері Ресейдің Анапа қаласында өткен кикбоксингтен Әлем кубогының чемпионы атанды.  Әлем кубогына 30-дан астам елдің ең үздік деген спортшылары қатысқан, деп хабарлайды Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі.

Темірлан Қабиев – бокстан және кикбоксингтен спорт шебері. Ол Азия чемпионы атағына ие. Қостанайлық 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Чемпиондық жолда Темірлан Ресей Федерациясы, Түркия және Әзербайжанның спортшыларымен жолығып, бәрінен басым түсті.

Қазір Темірлан Шырақбек Қабылбаев атындағы ІІМ Академиясында бастапқы курстан өтуде.  Биыл ол ішкі істер органдарының қатарына келді.

Енді оны қараша айының соңында Түркияда өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр.


Көзі: yunews.kz