"Бәрі дұрыс па?» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Бәрі дұрыс па?»

444

Smiley face

Талдықорған қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры пара беруге күдікті болып отыр.

"Ол "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының орынбасары - делдал арқылы "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ мемлекеттік аудиттің бас маманына жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды көрсетпей акт жасағаны үшін 400 мың теңге сомада пара беруге күдікті болып отыр", - деп хабарлайды Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

Аталған лауазымды тұлғалардың пара беру және оны алу делдалдығына қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.


Көзі: yunews.kz