Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының өкілдері ҚР БҒМ білім беру гранттарын бөлу бойынша қосымшаны тексерді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының өкілдері ҚР БҒМ білім беру гранттарын бөлу бойынша қосымшаны тексерді

444

Smiley face

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының (КШЗТО) өкілдері білім беру гранттарын бөлу бойынша қосымшаны тексерді.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» бакалавриат және магистратура бойынша білім беру гранттарын бөлуге жауап беретін ақпараттық жүйенің бастапқы кодтарын КШЗТО мамандарына тексеруге берген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша гранттарды бөлу үрдісіне бөтен адам араласа алмайтындығы анықталды. 

«Тексеру гранттарды бөлудің жарияланған нәтижелері бағдарламада берілген деректермен толық сәйкес келетінін көрсетті. Осылайша, гранттарды бөлу туралы деректер тізімдер жасалған сәттен бастап нәтижелер жарияланғанға дейін бүтіндігін сақтап қалғанын атап өтуге болады", - деп хабарлады КШЗТО-да.

КШЗТО мамандары тізімдерді қалыптастыруға жауап беретін ақпараттық жүйеге бөгде адамдар араласпаған деген қорытындыға келді. Айта кеткен жөн, аталған тексеру жұмыстары барысында 76 009 қатысушы арасында 58 126 грантты тағайындау үрдісі тексерілген.

АНЫҚТАМА: КШЗТО – компьютерлік инциденттерге әрекет етудің алғашқы жеке қазақстандық орталығы. Орталық қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор ұйымдарына, жеке кәсіпорындарға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу және практикалық көмек көрсету, Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және талдау болып табылады. Бұдан басқа, Орталық Қазақстан Республикасының аумағында зиянды бағдарламалар мен желілік шабуылдардың таралуына байланысты инциденттердің жеке тәуелсіз мониторингін жүзеге асырады.


Көзі: yunews.kz