Мәжіліс ағымдағы жылдың бюджетіне түзетулерді мақұлдады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мәжіліс ағымдағы жылдың бюджетіне түзетулерді мақұлдады

444

Smiley face

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мәжіліс депутаттарына 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасын таныстырды. Нақтылау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталған. Бұл ЖІӨ-нің 3,8% деңгейінде өсуі, 89 млн тонна көлемінде мұнай өндіру, сондай-ақ жылдық инфляцияның 4-6% шегінде мақсатты дәлізі.

"Республикалық бюджеттің кірістерін салық түсімдері есебінен 95 млрд теңгеге, салықтық емес түсімдер есебінен 83 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Жалпы, 2019 жылы республикалық бюджеттің кірісі (трансферттерді есептемегенде) 7 трлн 81 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген 1 трлн 365 млрд теңге деңгейінде сақталады", - деп хабарлады Ұлттық экономика министрі.                     

Республикалық бюджеттің параметрлері нақтылауды ескере отырып, мынадай болады.

Түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд теңгеге артып, 10,7 трлн теңгені құрайды.

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан түсетін трансферттер ұлғаюда.

Шығындар табыстың ұлғаюына сәйкес 95 млрд теңгеге ұлғаюда.

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 12 трлн теңгеден асады.

Осылайша түсімдер 10,7 трлн теңгені, шығындар - 12 трлн теңгені, тапшылық - 1,4 трлн теңгені құрайды.

Әлеуметтік саладағы шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында әлеуметтік блоктың шығыстары 6,7 млрд теңгеге ұлғайтылды. Шығыстарды қайта бөлуді ескере отырып, қосымша қаражат атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге, медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жалғастыруға бағытталды.

Сонымен қатар, нақты сектордың шығыстары 15,6 млрд теңгеге өсті.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, өнеркәсіпті қолдауға, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына тұрғын үй қарыздарын беруге қосымша шығыстар көзделді.

Бұдан басқа, заң жобасын дайындау кезінде жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыруын ескере отырып, шығыстарды түзету; азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға нақты қажеттілігін ескере отырып, өңірлер арасында қаражат қайта бөлу ескерілген.


Көзі: yunews.kz