Қарағанды облысында браконьерлерден бұлан немесе арқардың еті салынған төрт қап табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында браконьерлерден бұлан немесе арқардың еті салынған төрт қап табылды

444

Smiley face

Табиғат қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау және жолын кесуге бағытталған "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аумағында Қызыларай ауылынан шамамен 25 шақырым жерде Қарақойтас қыстағына жақын маңда табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен 36 және 51 жастағы жүргізушілердің басқаруында 2 автокөлік тоқтатылды. Салондарда сондай-ақ үш жолаушы болған, барлығы Балқаш қаласының тұрғындары, деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері екі автомашинаның багаж бөлігін көзбен шолып қарау кезінде шамамен бұлан немесе арқардың еті салынған 4 қап табылған, аталған етті тасымалдауға немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаттары болған жоқ.

Оқиға орнына Ақтоғай ауданының ПБ жедел тергеу тобы шақырылды.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға болған жерді тексеру барысында тегіс ұңғылы және ойылған қару тауып алып, тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

 


Көзі: yunews.kz