Атырау облысында 1700 отбасы заңсыз АӘК алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысында 1700 отбасы заңсыз АӘК алды

444

Smiley face

Атырау облысында 1700 отбасы заңсыз АӘК алды. Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Камидолла мәлімдеді. Оның мәліметінше, 1 қазанға 6 729 отбасы 2751,3 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алды.

"Жалпы алғанда бізге 43 237 адам көмек сұрап келді, оның ішінде 7 454 отбасына өтініш мақұлданды.  Сонымен қатар, ақпараттық жүйені біріздендіру барысында 1 700 отбасы өздерінің нақты табысын жасырғаны анықталды. Табысы туралы толық ақпарат бермеген, жұмыстың бар-жоғы туралы дұрыс емес мәліметтер ұсынған 600-ге жуық отбасы тексерілді. Жұмыссызбын деп мәлімдегендер де бар, ал іс жүзінде олар жеке компанияларда жұмыс істейді және жалақыны қолма-қол алады.  Басқалары тұрғын үйі туралы, тіркелгендер саны туралы ақпаратты жасырған", - деді Серік Камидолла.

Қазіргі уақытта АӘК заңсыз алған барлық отбасыларға жәрдемақыны тоқтата тұру себебі туралы хабарлама жолданды. Төленген қаражатты өз еркімен қайтармаған адамдарға ақшаны сот арқылы қайтаруға тура келеді.


Көзі: yunews.kz