Атырау облысында 1,5 шақырымға жуық браконьерлік аулар мен 65 қолдан жасалған қайық жойылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысында 1,5 шақырымға жуық браконьерлік аулар мен 65 қолдан жасалған қайық жойылды

444

Smiley face

Фото Атырау облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан алынды

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олег Тушкановтың айтуынша, жыл басынан бері өңірдің су айдындарында 1858 балық қорғау заңнамасын бұзушылық тіркеліп, 1124 тұлға жауапкершілікке тартылды.

"Инспекция материалдары бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып, 21 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, 16 тоннаға жуық балық (оның ішінде 615 кг бекіре тұқымдастар), сондай-ақ 2860 аулау құралдары, 215 жүзу және көлік құралдары тәркіленді. Бүгін инспекция 1450 иесіз браконьерлік аулау құралдарын және 65 қолдан жасалған жүзу құралдарын ("астау" тәрізді  қайық) жояды", - деді Олег Тушканов.

Сонымен қатар, инспекция қызметкерлерінің арқасында екі бекіре зауыты үшін мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 277 балық ауланды, олар 7,5 миллионнан астам бекіре тұқымдас шабақтарын берді. Барлық шабақтар кейіннен Орал өзеніне жіберіледі.


Көзі: yunews.kz