ШҚО-да Күршім ауданында дала өрті ауыздықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да Күршім ауданында дала өрті ауыздықталды

444

 Smiley face

Күршім ауданының өрт сөндіру бөліміне Күршім ауылдық округінің "Сатжол" учаскесінде 40 га алқапта дала жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген соң, Күршім орман шаруашылығының орманшылары өртті сөндіріп жатқаны анықталды,бірақ өрттің үлкен көлеміне, шөптің қалыңдығына және жақын маңда шабылған шөп үймелерінің көп болуына байланысты қосымша күштер мен құралдар шақыртылды.

Сағат 18.10-да өрт алаңы 70 га даланы, 2,6 га орман-дала аймағын және 60 тонна дайындалған шөпті қамтыды.

Smiley face

Сағат 20.11-да өрт толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге 30-ӨСБ 14 қызметкері, орман шаруашылығының 11 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 13 қызметкері, 4 жергілікті тұрғын жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі – тұрғындардың отпен абайсыз болуы.

ШҚО ТЖД мамандары облыс тұрғындарына қоқысты өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 336-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Smiley face


Көзі: yunews.kz