Жаңаөзенде дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған тонаушылар сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаөзенде дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған тонаушылар сотталды

444

Smiley face

Фото Маңғыстау облысының полиция департаментінен алынды

Жаңаөзен қаласында азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған 21 және 23 жастағы екі жігітке қатысты сот процесі аяқталды.

"Сот процесі барысында үш жас жігіт дүкенде ешкім жоқтығын пайдаланып, дүкенге басып кіргені белгілі болды. Және тонаушылардың бірі дүкеннің сыртына есікті бақылау үшін қалған. Қарақшылардың қолында белгісіз үлгідегі қару мен бос шыны бөтелке болған. Тонау кезінде сөренің артында жас сатушы болған. Тонаушылар кассадан 400 мың теңге алып, жасырынып үлгерген. Сотқа қарақшылық шабуыл жасаған екі адамға қатысты іс түсті", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот тонауға қатысқан екі адамды 192-баптың 2-бөлігінің 1, 3, 4-тармақтары бойынша кінәлі деп тапты (Қарақшылық). Олардың біреуі 6,5 жылға бас бостандығынан айырылып, екіншісі 5,5 жылға темір торға аттанады.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында полиция қызметкерлері тонаушыларды іздеу барысында Ақтау мен Жаңаөзен арасындағы трассада барлық автокөліктерді қарап шықты. Кейін анықталғандай, үш жас жігіт дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған. Полиция қызметкерлері екі күннен кейін Жаңаөзендегі "Рахат" шағын ауданындағы үйлердің бірінде іздеу жұмыстары кезінде оларды қолға түсірді.


Көзі: yunews.kz