"Осы уақыт ішінде әйел бала туып үлгереді, ал сіздер бір бұйрық жасай алмайсыздар!" - Нығматуллин - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Осы уақыт ішінде әйел бала туып үлгереді, ал сіздер бір бұйрық жасай алмайсыздар!" - Нығматуллин

444

Smiley face

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жәмиля Нұрманбетова Парламенттің төменгі палатасының отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке 2019 жылға арналған бюджет туралы заң жобасында "Жас маман" жобасы бойынша қаражатты қысқарту неліктен жоспарланғаны туралы жөнінде сұрақ қойды. Бұл жоба колледждерге арналған жабдықтар сатып алуды және студенттерді оқыту процесіне шетелдік мамандарды тартуды көздейді.

"Қаралып отырған заң жобасы "Жас маман" жобасы бойынша 20 колледжді жаңғыртуға, оның ішінде жабдықтар сатып алуға және шетелдік мамандарды тартуға арналған қаражатты қысқартуды қарастырады. Бұл қомақты сома - 8 млрд теңге. Түсіндірме жазбада көрсетілгендей қаражатты қысқарту себебі - бұл осы жобаны іске асыру тәртібін айқындайтын ережелердің болмауы. Бұл қалай сонда, неге белгіленген мерзімде ережелер бекітілген жоқ? Және бюджет қаражатына мұндай қарым-қатынас мемлекет өзекті проблемаларды, ең алдымен, әлеуметтік сипаттағы қаржыландыру үшін барлық мүмкіндіктерді іздеген жағдайда жол беріліп отыр.  Ағымдағы жылы сіздер аталған қаражат аясында 7,3 млрд теңгеге оқу жабдықтарын сатып алып, 720 млн  теңгеге шетелдік мамандарды тарту керек болатынсыздар", - деді депутат білім министріне.

Асхат Аймағамбетов халық қалаулыларының наразылығын мойындады.

"Шын мәнінде, қажетті шаралар дер кезінде қабылданған жоқ. Бұл біздің министрліктің толық және тікелей жауапкершілігі. Оқу орындарын жабдықтауға және білім сапасын арттыруға бағытталған өте маңызды жоба. Бүгінгі таңда барлық қажетті шешімдер мен шаралар қабылданды. Дайындық кезеңін біз қазір аяқтадық және осы жоба толығымен тиімді іске асырылатынын атап өткім келеді.  Кінәлі тұлғалар жазаланатын болады", - деп жауап берді БҒМ басшысы.

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестерінің наразылығын қолдады.

"Әріптестер, барлығымыздың есімізде, Елбасы 23 қаңтарда Қазақстанда Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Үкіметке, Білім министрлігіне "Жас маман" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. 9 ай өтті, бірақ Үкімет осы тапсырманы орындауға әлі кіріскен жоқ. Және бұл тапсырманы орындамаудың себебі тіптен сорақы - бұл кәдімгі сөзбұйдаға салу.  Осы бұйрықты әзірлеу және келісу керек еді. 1,5 беттік қаулыны 4 ай жазды, келісті. Содан кейін 1,5 ай бойы білім министрлігі ережелерінің жобасы әзірленді. Одан соң тағы 2 ай үш министрлік арасында келісім жасалды. Және тек 27 қыркүйекте ғана білім министрінің бұйрығы пайда болды, ол осы тапсырманы, бағдарламаны іске асыру тәртібін бекітеді. Ақырында барып бұл бұйрық Әділет министрлігінде тіркеледі. Сонда бір құжатты келісу үшін 9 ай кетті. Міне, жұмыс стилі! Бұл уақытта әйел бала туып үлгереді, ал сіздер бір бұйрықты жасай алмадыздар!",- деп наразылық білдірді Мәжіліс Төрағасы.

 "Бұл маңызды бағдарламаны іске асыру кезінде бюрократиялық сөзбұйдалықтың айқын мысалы деп есептеймін. Жастар жылы аяқталуға жақын, ал сіздер жаңа ояндыңыздар. Және нәтижесінде не? Нәтижесінде, еліміздің барлық облыстарында 100 қажетті мамандық бойынша мамандар оқытылуы тиіс болған бұл өте маңызды жоба тіпті басталған да жоқ. Ал бұл сома - миллиардтар - осы уақыт бойы білім министрлігінде пайдасыз жүк болып жатты", - деп қосты ол.

Нұрлан Нығматулин білім министрінен өз ведомствосында тәртіп орнату, жауапты тұлғаларды анықтауды сұрады. Өз кезегінде ол парламенттік фракция атынан "Нұр Отан" партиясының басшылығына осы тұлғалардың жеке жауапкершілігі туралы ұсыныс білдіруге уәде берді.


Көзі: yunews.kz