Нұр-Сұлтан – шексіз емес - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан – шексіз емес

444

Smiley face

Бүгін Мәжіліс отырысында өзекті мәселе талқыланды – неге барлығы елордаға барады?

Жауап айқын көрінеді – әрбір адам елордада өмір сүргісі келеді. Алайда, азаматтардың қалауы аз. Тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, деп есептейді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

«Нұр-Сұлтан қаласының мүмкіндігі шексіз емес қой. Бұл тұрғыда шаһардың өзіндік қуаты мен қажеттілігі бар. Бұл туралы кеше Президент айтты. Бұл білім беру, денсаулық сақтаудың қосымша желісімен байланысты. Басты сұрақтардың бірі – баспана, инфрақұрылым. Сондықтан, көші-қон осы сұрақтардың барлығын ескеруі тиіс.  Әйтпесе, біз тыйым сала алмаймыз, бұл әрбір азаматтың құқығы. Алайда қай жерде тиісті жағдай жасалғандығы туралы түсіндіру шаралары жүргізілуі керек. Жұмыссыз және баспанасыз елордада өмір сүру қиынға түседі», - деді Б. Сапарбаев.

Бәлкім, мәселенің мәні өңірлерде өмір сүру Нұр-Сұлтанға қарағанда өзгеше болуында ма?

«Мен олай деп айтпас едім, себебі өңірлерде өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша тиісті бағдарламалар жүзеге асырылуда. Тұрғын үймен, жолдармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатқан өңірлерді дамыту бағдарламасы бар. Мүмкін, шалғай елді мекендерде бұл мәселелер шешілмейтін шығар, бірақ білесіздер, Елбасының тапсырмасына сәйкес арнайы әзірленген «Ауыл – ел бесігі» арнайы бағдарламасы бар. Осы бағдарламаның негізінде инфрақұрылым құрылуда. Бұл тұрғыда тиісті жағдай жасау үшін 3 мыңға жуық елді мекен айқындалды», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

 


Көзі: yunews.kz