Қарағандыда үш бала газбен уланып қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда үш бала газбен уланып қалды

444

Smiley face

Қарағандыда жекеменшік  үйде 2006, 2011, 2013 ж.т. үш бала тұншықтырғыш газбен уланды. Оқиға түтіндіктің ақауынан және жылыту пешін дұрыс пайдаланбағандықтан болды, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Балалар ауруханаға жатқызылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде 5 адам иіс тиіп қайтыс болды, 10 адам газбен уланып жарақат алды.

"Тұрғын үй секторының тұрғындары жылыту құралдарын пайдаланатын кезең қауіпті болып табылады. Ал жылыту пештерін пайдалану ережелерін бұзу тұншықтырғыш газбен улану сияқты қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Тұншықтырғыш газдың шығуының жиі  себебі - пешті дұрыс пайдаланбау", - делінген ТЖД хабарламасында.


Көзі: yunews.kz