Атырауда қоғамдық көлік жолаушыларына кондуктор немесе құпия ревизор болуды ұсынады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда қоғамдық көлік жолаушыларына кондуктор немесе құпия ревизор болуды ұсынады

444

Smiley face

Осы аптада Атырауда соңғы ай бойы енгізе алмаған қоғамдық көлікте жүрудің дифференцияланған тарифі енгізіледі. Жаңа схема қолма-қол ақшамен 150 теңге, немесе қолма-қол ақшасыз – 80 теңге төлеуді көздейді.

Жаңалық, атап айтқанда, ақша ағындарын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік береді деп болжануда, олар өз кезегінде тасымалдаушыларға субсидия, жүргізушілер мен кондукторлардың жалақысына, сондай-ақ автопарктерді жаңартуға бағытталатын болады.

 «Кез келген адам жолаушылардың билеттерін тексеру және кондукторлардың жұмысын бағалау үшін ерікті негізде бақылаушы немесе жасырын ревизор бола алады. Билетті қалаған кезде тексеруге болады. Тәртіп бұзылған жағдайды суретке немесе видеоға түсіріп алуға болады. Тіпті жолаушылардың билет алуын сырттай бақылап жүре беруге де болады», - дейді «Smart Qala» ЖШС өкілдері.

Бақылаушы боламын дегендерге тиісті куәлік және автобуста тегін жүру құқығы беріледі. Тексеріс жұмыстарының қорытындылары БАҚ және әлеуметтік желіде жарияланып отырады.


Көзі: yunews.kz