Ақтөбеде жұмыссыз әйел полиция қызметкеріне күш қолданған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде жұмыссыз әйел полиция қызметкеріне күш қолданған

444

Smiley face

47-жасар Қарлығаш Асанованың ісі Ақтөбенің №2 сотына түсті. Оған билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін айып тағылды.

Мәселенің мәнісі мынада, 2019 жылы 9 маусымда сағат 12-де облыс әкімдігінің алаңында болған әйел тәртіп сақшысына қарсылық білдіріп, оны инемен шаншып алған.

Айыпталушының өзі сол күні шын мәнінде қала орталығында болғанын, жиналғандардың сөзін  тыңдағанын мойындады, ал полиция қызметкері адамдардан тарауларын өтінген. Бірақ ол құқық қорғау органдары өкілінің заңды талабына қарсылық білдіріп, нәтижесінде оған келесі күні 50,5 мың теңгеге айыппұл салынды. Ал инемен шаншу фактісін айыпталушы жоққа шығарды.

Егер айыпталушының кінәсі дәлелденсе, оған қомақты айыппұл немесе үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.


Көзі: yunews.kz