Күмәнді кітаптар - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Күмәнді кітаптар

444

Smiley face

Діни әдебиетті табыс ету жағдайы тек қазан айында анықталған, ал балалар лагерінде болған балалардың бірінің айтуынша, кітаптар топтамасы жазда сол жерде таратылған.

Жасөспірім ересектерге лагерьге барғанын және онда оған "жабылу салтанатында" діни әдебиетті сыйға тартқаны жайлы баяндаған тиісті жазба жергілікті жалпықалалық пабликтерге орналастырылған.

Кітаптарға баланың үйіне келген қонақтардың бірі назар аударып, оны оқыған, содан соң жасөспірімнің сөзін жазып алған.

Бейнежазбада баланың қандай кітаптар алғанын да көруге болады. Олар - "Священная книга для детей" ("Балаларға арналған киелі кітап"), "Рассказы Священной книги" ("Киелі кітап әңгімелері"), "Рассвет истины" ("Ақиқат таңы") деген брошюралар мен томдар және тағы басқалар. Олардың барлығы қазақ тілінде басылып шыққан.  Олардың әрқайсысы бірнеше данада.

Қазір қалалық пабликтердегі бейнежазбаны Ақтөбе облысы ПД-де тексеріп жатыр.

"Осы фактіге қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізілуде", - деп атап өтті Департаментте.

Айта кетейік, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңға сәйкес, діни әдебиетті тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы стационарлық үй-жайларда ғана таратуға жол беріледі.


Көзі: yunews.kz