Баку қаласының халықаралық әуежайында ұшқышсыз ұшу құралдарын басқару орталығы құрылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Баку қаласының халықаралық әуежайында ұшқышсыз ұшу құралдарын басқару орталығы құрылады

444

Smiley face


Баку қаласының Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайында ұшқышсыз ұшу құралдарын басқару орталығы құрылады, деп хабарлады РИА Новости әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әзірбайжан ұлттық әуетасымалдаушысы (AZAL) және EHang Intelligent Equipment қытайлық компаниясы Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайда «Азераэронавигация» ӘҚБ жанындағы ұшқышсыз азаматтық аппараттарды (дрондар) бақылау жөніндегі бірыңғай орталық құру туралы келісімге қол қойды. Келісімге «AZAL» Президенті Джахангир Аскеров пен «Ehang Intelligent Equipment» Президенті Хуази Ху қол қойды, - деп хабарлады әуежайда.
«Ұшқышсыз аппараттарды қолданудың белсенді өсуі әлемдік үрдістердің бірі болып табылады. Дрондарды қолданудың кең спектрі қазіргі әлемде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты азаматтық авиация үшін бұл құралдарды пайдалану қауіпсіздігі басты міндет болып табылады», - деді «AZAL» Президенті Джахангир Аскеров.
Әуежайдың деректері бойынша, орталықтың басым міндеті әуе айлақтары ауданына дрондардың рұқсатсыз кіруінен қорғау болып табылады. Өйткені үлкен қауіп олардың салыстырмалы төмен биіктікте және ұшу-қону жолақтары аймағында ұшуына байланысты орын алуы мүмкін.
«Жаңа орталық дрондардың Азаматтық авиацияның әуе кемелерімен соқтығысуының алдын алу үшін алғаш рет Әзірбайжанның әуе қозғалысын басқару жүйесімен интеграцияланатын болады. Орталық сондай-ақ аэродромдарды жобалау және аэронавигациялық карталарды әзірлеу кезінде маңызды мәнге ие 3D - картография және рельефті сканерлеу қызметін қамтиды», - делінген хабарламада.


Көзі: Yunews.kz