Нұр-Сұлтан қаласындағы психдиспансерден қашқан ер адам ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қаласындағы психдиспансерден қашқан ер адам ұсталды

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 қазанда психдиспансерден қашып кеткен ер адамды қолға түсірді. Ол қыз зорлады деп күдіктеніп отыр.
«9 қазанда сағат 12:22 шамасында психдиспансер мециналық орталығының аумағынан қашып кеткен ер адам Жансүгіров көшесінде ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Оның қыз зорлығына қатысы бойынша тексеру жүргізілуде. Нұр-Сұлтан полиция департаменті қаладан шығу кезінде қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында мәжбүр болған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», деп хабарлады елорда ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетерлік жайт, астаналықтар әлеуметтік желілерде олардың көліктерін Астанадан шығатын жолдарда тексергендерін хабарлаған. Полицейлер қашып кеткен адамды іздеген.
Естеріңізге сала кетейік, күдікті қыз зорлау фактісі бойынша ұсталған. Ол психо-неврологиялық диспансерге денсаулығында ауытқушылық бар екенін тексеру үшін әкелгенде, терезеден шығып, қашып кеткен болатын.


Көзі: Yunews.kz