Фиокарантин жөніндегі инспекторлар карантиндік қаупі жоғары 75,12 тонна зарарлы өнімді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Фиокарантин жөніндегі инспекторлар карантиндік қаупі жоғары 75,12 тонна зарарлы өнімді

444

Smiley face

2019 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан және Ресей Федерациясынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз әкелудің 426 жағдайының алдын алды, деп хабарлайды  Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Фитосанитариялық сертификатсыз 388 жүк кері қайтарылды.  Ресей Федерациясына 64 тонна бидай, 40 тонна картоп, 215 тонна сәбіз, 7,4 тонна қызанақ, 20 тонна қияр, 21,8 тонна алма, 49,49 тонна қарбық және қауын, 1,5 тонна жеміс-жидек, 10 тонна орамжапырақ, 54 тонна күнбағыс тұқымы қайтарылды.

Қырғыз Республикасынан шабдалы, жүзім, жүгері, картоп, қызанақ, алма, өрік, жаңа піскен томат, шие, құлпынай, нектарин, болгар бұрышы және қара өрік қабылданбады. Қытайға миндаль, кунжут, күнбағыс тұқымы және тұқым кері жіберілді.

Карантинге жатқызылған өнім қаптамасында таңбалау болмағандықтан Өзбекстанға және Қырғыз Республикасына 21 жүк кері қайтарылды, оның ішінде  шабдалы, жүзім, қара өрік, нектарин, таңқурай, құлпынай және кептірілген өрік.

Бұдан басқа, импортталған карантинге жатқызылған өнімнен 17 жайыт карантиндік нысан анықталған, шығыс жеміс жемірі алмада, жүзім және қара өрікте, нектаринде және шабдалыда болды.

Барлығы 75,12 тонна залалданған карантинге жатқызылған өнім жойылды. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер жөнелтушілерге кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Көзі: yunews.kz