Қытай жұмысшылары мен Алматы облысының тұрғындары арасындағы төбелес ауруханаға жатқызумен аяқталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қытай жұмысшылары мен Алматы облысының тұрғындары арасындағы төбелес ауруханаға жатқызумен аяқталды

444

Smiley face

7 қазан күні Ақсу ауданының аумағында «Алматы-Өскемен» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары барысында «Citic Construction» ЖШС жұмысшылары мен  Қытай елінің 4 азаматы арасында өндірістік қарым-қатынас негізде жанжал шықты, жанжал соңы төбелеске ұласты, деп хабарлайды Алматы облысының ПД.

Нәтижесінде Қытайдың бір азаматына – этникалық қазаққа жеңіл дене жарақаттары келтірілген. Ал ҚХР кінәлі азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Алайда бұл оқиға мұнымен аяқталмады. Келесі күні сол серіктестікте жұмыс істейтін жергілікті тұрғындар төбелестің себеп-салдарын толық анықтап алмай, жанжалды сылтауратып, өндірістік объектідегі және тұрғын вагондардағы Қытай азаматтарын соққыға жыққан», делінген полицияның ресми хабарламасында.

Нәтижесінде соққыға жығылған төрт Қытай азаматы әртүрлі дене жарақаттарымен облыстың емдеу мекемелеріне жатқызылды. Бұл факті бойынша Алматы облыстық полиция департаменті сот алды тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер анықталып қамауға алынды.

Сонымен қатар, тексеру барысында Қытай азаматтары 33 адам, ҚР Көші-қон заңнамаларын бұзғаны да анықталды. Қазіргі таңда оларды еліне қайтару мәселелері қаралып жатыр. Полиция департаментінде Алматы қаласы мен Алматы облысында шетел азаматтарын Қазақстан аумағына келуі мен уақытша тұруын қамтамасыз ететін бірқатар заңды тұлғаларға да ҚР ҚК 394-бабымен сот алды тергеу жұмыстары басталғанын атап өтті. Тергеу жұмыстары ішкі істер министрінің қадағалауында.


Көзі: yunews.kz