Ақмола облысы жастар саясаты басқармасының қызметкері және қоғамдық бірлестіктердің бірқатар өкілдері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақмола облысы жастар саясаты басқармасының қызметкері және қоғамдық бірлестіктердің бірқатар өкілдері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

444

Smiley face

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ақмола облысы жастар саясаты басқармасы» КММ бас маманы Қ.М.Асқарға, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Б.Н.Әнуарбек, А.А.Исин, Е.Б.Нұрахмет пен Ш.К.Жүсіповке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар алаяқтық жасап, жалған шарттар мен есеп беру құжаттарын дайындау және пайдалану арқылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген 1 416 954 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды.

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Көкшетау қалалық сотының үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып сотталды:

- К.М.Асқарға – мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырумен 14 169 540 теңге сомасында айыппұл салынды;

- Б.Н.Әнуарбек, А.А.Исин, Е.Б.Нұрахмет және Ш.К.Жүсіпов – 2  жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге.


Көзі: yunews.kz