Нұр-Сұлтанда Диснейленд: инвесторлар іздестірілуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтанда Диснейленд: инвесторлар іздестірілуде

444

Smiley face

 

Нұр-Сұлтанда Диснейленд салу жоспарлануда, бұл туралы бүгін елорда әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев UNWTO саммиті барысында айтты.

"Біз қазір жер учаскесін анықтаймыз. Инвестор келуі үшін инфрақұрылыммен, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету қажет. Жақын арада біз инвесторды да, жер учаскесін де анықтаймыз деп ойлаймын", - деді әкім орынбасары.

Оның айтуынша, Диснейленд жабылған болуы керек.

"Диснейленд жұмсалған  шығынды өтейтіндей болуы керек – ол жыл бойы жұмыс істеу үшін жабылған болады. Бізде Қызылордада немесе Шымкенттегідей  ауа райы жоқ. Инвестордың келуіне жағдай жасау керек. Инвесторларды іздеу жүргізілуде. Қазір орташа есеппен қалада турист бір жарым күнге тоқтайды", - деді Е. Бекмырзаев.


Көзі: yunews.kz