Тілемсек балаларға ақша беруді тоқтату керек - балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тілемсек балаларға ақша беруді тоқтату керек - балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин

444

Smiley face

Қоғамдық қызметкер және қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин өзінің Instagram парақшасында қала көшелерінде қайыр сұрайтын балалармен не істеу керектігін айтты.

«Өткен жылы біз Еркін Тәтішев дәмханаға қайыр сұрап келген баланы кездестіріп, полицияны шақырған жағдайда ілесіп жүрдік. Сол кезде «аға-тәтесіміз» деп баланы алып кетуге тырысқан екі ересек пайда болды. Олар «анасы табыс табу үшін Ресейге кетті» деп желеулетті. Полиция келіп, қыз баланы КБО-ға, ересектерді учаскеге алып кетті. Анықталғаны, бала бұдан бұрын да КБО-ға түскен екен.  Қайыр сұраған, ресімделсе де мектепке бармаған.  Бірнеше күннен кейін баланың атасы табылды, қыз оған берілді. Біз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциямен, аудан прокуратурасымен отбасымен бірге болып, баланың мектепке баруын қадағаладық. Арада аз уақыт өткен соң бізге баланы Шымкентке алып кетті деп айтылды, және біз бұрынғы мекенжайы бойынша таба алмадық. Ал қыз бала көшеде қайыр сұрауын жалғастыруда. Оны кафеде қайтадан көргендер бар.

Қазір оның жасы 8-де, және ақша табу үшін пайдаланылған баланың қандай болып өсетіні түсінікті. Әзірге кішкентай – аяныш тудырады, ал ересейгенде не болады?",- деп бөлісті Аружан Саин.

Қайырымдылық қорының директоры "Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы" басқармасының төрағасы Зульфия Байсақованың сөзіне сілтеме жасады:

 «Барлық қазақстандықтар ақша бергенді тоқтатуы керек. Садақаның осы тетігі жұмыс істеуін қойған кезде бұл балалар да тілемсектікке тартылмайды, - деп мысал келтірді А. Саин.
Сонымен қатар омбудсмен балаға көмектесу үшін баланы жібермеуге немесе ересектер баламен қайыр тілеп жүрген жерде қалуға тырысуды, полицияны шақырып, күтіп, шағым жазуды, тергеушінің және КБО қызметкерлерінің мәліметтерін алып, баланың тағдырын бақылауда ұстауды ұсынады.

Аружан Саин халықты балалардың құқықтарын қанаудан, қайыр сұрауға күшпен тартудан қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдау үшін сұрау салуларды дайындау үшін фактілерді жинауға көмектесуге шақырды.

 

«Сіздерден қайыр сұраған балалы ересектердің және балалардың өздерінің суреттерін оның қай жерде (көшеде, жол бойында, дәмхана, мейрамханада) түсірілгенін, мекенжайын және датасын көрсете отырып жіберуді өтінемін.  Суреттерді +7 747 674 1554 нөміріне WhatsApp арқылы жіберуге болады», - деп жазды А.Саин.

 


Көзі: yunews.kz