Қостанайда "Ватсап" мессенджерінде арнайы нөмір пайда болды, оған синтетикалық есірткі жарнамасы туралы хабарлауға болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанайда "Ватсап" мессенджерінде арнайы нөмір пайда болды, оған синтетикалық есірткі жарнамасы туралы хабарлауға болады

444

Smiley face

Қостанай облысы полиция Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы Қостанайда есірткі жарнамасын бояу бойынша акцияны жалғастыруда. Мұндай жарнаманың пайда болуына жедел әрекет ету үшін полиция қызметкерлері "Ватсап" мессенджерінде сенім телефоны болатын 8 700-402-96-00 нөмірін тіркеді, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Жұмыс формуласы қарапайым: ғимарат қабырғасындағы жазбаны көрдің бе - фото мен мекенжайды жібересің. Оқиға орнына бірден қызметкерлер барады, жарнаманы бояйды. Бұл жұмысқа тәртіп сақшыларымен бір айдан астам жұмыс істеп жүрген полиция еріктілері де қосылады.

 "Облыста екі мыңға жуық адам есірткіге тәуелді ретінде есепте тұр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес осы жарнаманы жоюдан басталады. Оларды "оңай" ақша табуды қалайтындар жазады. Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Рудный қаласында үйдің қабырғасына осындай жазба қалдырған кәмелетке толмаған жасөспірім қолға түсті. Оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олар 12 600 теңге айыппұл төледі", - деп атап өтті Қостанай облысы ПД ЖПБ жедел уәкілі, полиция майоры Айгүл Ерадилова.

Бір күнде еріктілер мен полиция қызметкерлері қырық жазбаны бояды. Мұндай жұмыс жалғасатын болады. Полицейлер облыс тұрғындарын осы жұмыста қолдау көрсетіп, осындай фактілерді хабарлауды сұрайды.

 


Көзі: yunews.kz