ТКШ туралы заң жобасы қоғамның өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі ұйымдастыруын дамыту бағытына қайшы келеді - сенатор Сафинов - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ТКШ туралы заң жобасы қоғамның өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі ұйымдастыруын дамыту бағытына қайшы келеді - сенатор Сафинов

444

Smiley face

Парламент Сенатының депутаты Қанатбек Сафинов отырыста ТКШ туралы әзірленіп жатқан заң жобасының мәселелерін атап өтті.

"Біз бүгін талқылап отырған «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, республика азаматтарының кең ауқымы үшін де, жалпы ел экономикасы үшін де аса маңызды мәнге ие. Біз бәріміз коммуналдық қызметтер саласында миллиардтаған қарыздар бар екенін білеміз. Менің ойымша, заң жобасында тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында орын алған көптеген проблемалар шешілмей отыр. Осы заңды қабылдау нәтижесінде осы салада одан да көп мәселелер туындауы мүмкін", - деп есептейді сенатор.

Депутаттың айтуынша, қолданыстағы заң "коммуналдық қызметтер" туралы нақты түсінік береді және қазіргі заманғы адамның су, жылу, жарық және т.б. ең қарапайым, базалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтерді атап көрсетеді. Әзірлеушілер коммуналдық қызметтер тізімін кеңейтіп, және шығындар ұлғаймайтынына сендіреді. 

"Бірақ бұл мүмкін емес – қызметтер санының артуы оларды төлеу бойынша шығындардың жалпы сомасының артуына да сөзсіз әкеледі. Бұл негізсіз қауіп емес. Заңның 34-бабының 5-тармағында, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың иелері коммуналдық қызметтер көрсету туралы дербес шарттар жасауға міндетті болады деп белгіленген. Қазір бұл бап меншік иелері коммуналдық қызметтерге жеке шарттар жасауға құқылы екенін айтады.  Бұдан қандай қорытынды шығады? Министрлік қандай қызметтерді коммуналдық деп атайтын болса, біз сол қызметтерге шарт жасап, төлеуге міндеттіміз", - деп түсіндірді Сафинов.

 Жалпы алғанда, дейді сенатор, заң жобасы үйлерді басқару бөлігінде де, коммуналдық қызметтер бөлігінде де қоғамның өзін-өзі басқаруын және өзін-өзі ұйымдастыруын дамыту бағытына қайшы келеді. Азаматтар өз қалауы, және ең бастысы, өз мүмкіндіктеріне сәйкестіре отырып өз бетінше шеше алатын, және шешуі керек нәрселерді заң нормаларына енгізудің не керегі бар?   Іс жүзінде заң нормаларын жүзеге асыру одан да көп жанжалдарға, құқықтық дауларға және сот талап-арыздарына алып келеді. Сонымен қатар, заң жобасында ең кең мағынада түсінілетін заң техникасының талаптары бұзылған.

"Айтылғандардың негізінде мен мынадай қорытынды жасай аламын – заң жобасы пысықтауды қажет етеді. Және де, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңды жаңа редакцияда қабылдау туралы мәселені күрделірек қарастыру керек", - деп қорытындылады сенатор.

Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері қызметіндегі бұзушылықтарды болдырмау үшін кооператив тек бір көппәтерлі тұрғын үй үшін құрылатын схема ұсынылды. Мүшелердің саны пәтерлер санынан аспауы тиіс және құрылыс мемлекеттік тіркеуден кейін ғана және жалға алу құқығындағы немесе меншік құқығындағы жер учаскесі болған кезде жүзеге асырылады.


Көзі: yunews.kz