Шекарадан оқ-дәрілер мен насыбай алып өтпек болғандар құрықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шекарадан оқ-дәрілер мен насыбай алып өтпек болғандар құрықталды

444

Smiley face

Қостанай шекара жасағының «Қайрақ» автомобильдік шекаралық бақылау өткізу пунктінде 2019 жылғы 9 қазанда Қазақстан Респуликасынан Ресесй Федерациясына «ГАЗ» автокөлігімен кетіп бара жатқан 1975 жылғы туған ҚР азаматының көлігін тексеру кезінде, сайман салғыш сауыттың ішінен 12 калибрлік аң аулауға арналған қарудың  патрондары табылды. Қарабалық аудандық полиция қызметкеріне № 306 актімен тапсырылды.

 

          Бейнеу шекара жасағының «Бейнеу» теміржол шекаралық бақылау өткізу бөлімшесінде 2019 жылғы 9 қазанда таңғы сағат 07.30-да «Ташкент – Саратов» пойызын арнаулы құралмен тексеру барысында вагонның жолсерігі 1987 жылғы туған Өзбекстан азаматына тиеселі  жалпы салмағы 23 кг «насыбай» жолсеріктің қызметтік жайынан табылды.

                                                                                                      

Бейнеу шекара жасағының «Тәжен» автомобильдік шекаралық бақылау өткізу пунктінде 2019 жылғы 9 қазанда сағат 16.15-те Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу келе жатқан 1986 жылы туған Өзбекстан азаматының қол арбасынан, арнаулы құралмен тексеру барысында жалпы салмағы 100 кг жуық «насыбай» табылды.

Себебі – кедендік декларацияға жататын, жеке қолдануға арналған тауарларды және көлік құралдарын жеке тұдғаның белгіленген нысан бойынша декларация жасамауы.

Тәркіленген бұйымды 2019 жылғы 10 қазанда Ақтау қаласындағы Маңғыстау облысы бойынша Сот сараптамалық институтына жеткізу жоспарлануда.


Көзі: yunews.kz