Жаңаөзендегі жол апатынан тоғыз адам зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаөзендегі жол апатынан тоғыз адам зардап шекті

444

Smiley face

9 қазан күні Жаңаөзендегі шағын аудандардың бірінде бірнеше автокөліктің қатысуымен болған жол оқиғасы орын алды.
Қақтығыс салдарынан тоғыз адам зардап шекті, оның ішінде бір бала, сондай-ақ төрт әйел бар.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға орнынан зардап шеккендердің барлығы қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Екі жасар бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алды. Қарт әйелде жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және маңдай жарасы анықталды. Осыған ұқсас жарақат алған 52 жастағы ер адам бар. Тағы бір зардап шеккен - 55 жастағы ер адам үлкен жілік сүйегінің жабық сынығын алды. Қалған зардап шеккендер аздаған жарақат алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апат қатысушыларының кінәлілік дәрежесін анықтап, апаттың барлық жағдайларын анықтауда.

 


Көзі: Yunews.kz