Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының директоры ұcталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының директоры ұcталды

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы РМҚК директоры мен басқа да мұражай қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Олар іс жүзінде қызмет көрсетусіз үлестес жеке кәсіпкерлермен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жалған жасасу арқылы 10 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын жүйелі негізде жымқырды деп күдіктенеді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.


Көзі: Yunews.kz