Семейде екі баланың анасы алаяқтық жасады деп айыпталуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде екі баланың анасы алаяқтық жасады деп айыпталуда

444

Smiley face

Тергеу мәліметтері бойынша, 27 жасар алаяқ келіншек сауда үйлері мен қаржы мекемелерінен өз құрбандарын тауып отырған. Келіншек өзіне алданған қала тұрғындарына 1 000 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейінгі сомаға жеңілдікпен тұтынушылық несиені ресімдеуге көмектесуге уәде берді. Қызметі үшін жәбірленушілер алаяқ келіншекке 25 мыңнан 120 мың теңгеге дейін ақша төлеген.
«Құқық қорғау қызметкерлері алаяқ келіншектің іс-әрекетінен қаланың 5 тұрғыны зардап шеккенін анықтады. Басқа да алданғандарды анықтау мақсатында басқа жәбірленушілердің полицияға дереу хабарласқаны жөн», - деп хабарлады Семей қаласының полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, себебі алаяқ келіншек кәмелетке толмаған екі баланың анасы болып табылады.


Көзі: Yunews.kz