Таразда итті баланың көзінше атып тастаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Таразда итті баланың көзінше атып тастаған

444

Smiley face

Тараз қаласының тұрғындары, сондай-ақ Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындары бұл оқиғаны талқылауда. Бұл жерде иттерді аулау қызметінің қызметкері бала сипап тұрған итті атып тастағаны ашу тудырған.
Бейнекөріністе сәби итті қолымен сипап тұрады. Ал одан бірнеше метр жерде иттерді аулау қызметінің қызметкері мылтықпен тұр. Ол баланың көз алдында итті атып өлтіріп, оны машинаға лақтыра салады.
Желіні пайдаланушылар оның бұл әрекетіне наразылықтарын білдіруде.
«Ол итті неге баланың көз алдында атады? Енді бұл баланың психикасы не болады?», дейді желі пайдаланушылары.
Өз кезегінде Тараз қаласындағы «Ақтөс» иесіз иттерді қорғау қоғамдық қорының директоры Ирина Келлер осындай иттерді аулау қызметінің қызметкерлері тарапынан бұзушылықтар туралы бірнеше рет мәлімдеген.
«Бұл оқиғалар көбейіп барады. Сондықтан мен адамдарды оған қарсы акциялар өткізуге шақырамын, - дейді Ирина Келлер.


Көзі: Yunews.kz