Өскеменде жеңіл автокөлік қозғалтқышы бар шағын автобус анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде жеңіл автокөлік қозғалтқышы бар шағын автобус анықталды

444

Smiley face

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында патрульді полицейлердің назарын автоматты беріліс қорабы бар ресейлік шағын автобусты аударды. Тексеру кезінде 53 жастағы жүргізуші уәкілетті органнан тиісті рұқсатсыз АКПП берілісті қосу қорабы бар күш агрегатын (қозғалтқышты) ауыстырғаны анықталды.
«Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабы 7 тармағы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін алып тастау арқылы көлік құралын пайдалануға тыйым салынды», - деп түсіндірді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10-17 қазан аралығында еліміздің автомобиль жолдарында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Шығыс Қазақстанда бір күн ішінде автобус жүргізушілерінің 269 бұзушылығы анықталды. Көбінесе жүргізушілер маневр жасау ережелерін бұзады және көлік құралын жүргізу кезінде телефонды пайдаланады.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz