Түркістан облысында жаңбырлатып суарудың американдық технологиясын енгізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысында жаңбырлатып суарудың американдық технологиясын енгізді

444

Smiley face

Түркістан қаласының маңында жергілікті диқаншылар АҚШ-тан әкелінген арнайы техниканың көмегімен егіс алқаптарын жаңбырлы суаруды ұйымдастырды. Мамандардың айтуынша, бұл өте тиімді әдіс. Оның қолдануының арқасында өнімділік 2-4 есеге артуы тиіс,деп хабарлайды Түркістан облысының аймақтық байланыс қызметі.
2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған тарихи шешімнің арқасында Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды. Оған сәйкес облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін, су нысандарын құру бойынша жобаларды жүзеге асыру басталды. Аграрлық саланың кешенді жоспары аясында, оның ішінде 11 мың гектар алаңы бар азық-түлік белдеуін құру, суармалы су тапшылығын жою үшін су объектілерінің құрылысына басымдық берілді.
Осы жылдың басында "Түркістан Агро ХХІ" ЖШС бастамасымен 131 шаруа қожалығы бірікті, нәтижесінде "Ынтымақ-2019" кооперативі құрылды. Бүгінгі күні аталмыш кооператив 733 гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясының 18 бірлік құралын орнатуды жоспарлап отыр.
Жобаның құны - 500 млн теңге. Қазақстанға "T-L" маркалы АҚШ технологиясын Нидерландыдан "APH Group B.V."компаниясы жеткізді. Сонымен қатар, құны 600 млн теңге МТС құру жобасы жүзеге асырылуда. Жобаларды "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ мақұлдады. Осы қондырғыларға мемлекет субсидия төлеген, бұл шаруаларға үлкен қолдау болды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбол Бадырақовтың айтуынша, бүгінгі таңда Түркістан маңында 4 жаңбырлы суару машинасы орнатылған. "Қазір бұл алаңға күздік бидай отырғызылады. Келесі жылдың мамыр айында жүгері отырғызылады. Жаңбырлы суару әдісі арқасында өнімділік 2-4 есеге артады. Мысалы, егер әр гектардан орташа астық өнімділігі 15-20 центнерге жетсе, жаңа технологияны пайдалану арқылы ол 40-45 центнерге жетеді. Егер астық жүгерісі әр гектардан 48,5 центнерді жинаса, енді 115-130 центнерді алатын болады. Жалпы, келесі жылы Түркістан маңындағы алқаптарда жаңбырлы суару пайдаланылады. Осының арқасында азық-түлік белдеуі құрылады, халықтың әлеуметтік жағдайы, сондай-ақ экологиялық жағдай жақсарады", - деді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні "Түркістан Агро ХХІ" ЖШС азық-түлік белдеуі аумағында 1200 бас сиырға арналған сүт-тауар фермасын салу жобасын жүзеге асыруда. Бұдан басқа, "SPK-SAURAN" ӘКК ("Сити Строй" ЖШС) 10 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңының құрылысы бойынша жобаны іске асыруға кірісті. "SPK-SAURAN" ӘКК 1 мың гектар егістікке жаңбырлы суаруды енгізу бойынша жобаны іске асыруда. "ValmontIndustries" компаниясы 3 жаңбырлатқыш машинаны жеткізді. Сондай-ақ қуаттылығы жылына 20 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасын ("Стандарт ойл"ЖШС), ауданы 500 га жылыжай ("YDA INSAAT" түрік компаниясы), қуаты 2,5 мың тонна түйе сүтін қайта өңдеу кешенін салу бойынша жобалар дайындалуда.
Азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша жобалар Түркістаннан 15 км радиуста қарқынды технологияларды пайдалана отырып және ғалымдардың ілесіп жүруімен жүзеге асырылады. Кешенді жоспар бойынша жалпы құны 70 млрд теңге болатын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде жыл сайын 30 млрд теңгеге қосымша ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.


Көзі: Yunews.kz