Қазақстанда олжалы аң аулауды дамыту ұсынылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда олжалы аң аулауды дамыту ұсынылды

444

Smiley face

ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Өркен Бисақаев ведомствоның елде олжалы аң аулауды дамыту жөніндегі ұсынысын айтты
«Олжалы аң аулау бойынша біз бұл сирек кездесетін арқарлар мен тау қошқарын аулау болады деп болжаймыз. Мұндай шара ұсынылып отыр, ол бүгін талқылануда. Тұрақты даму моделі әзірленді. Біз бұл қалыпты әлемдік тәжірибе деп санаймыз. Бұл механизм енгізілген елдерде сол арқарлардың популяциясы айтарлықтай өсті. Ғылыми әдістеме бар, ол үшін қорықшыларды оқыту қамтамасыз етіледі. Ғылыми әдіспен олар арқардың жасын анықтап, атуды келіседі. Тағы да рәсім пысықталатын болады» деп атап өтті Вице-министр
Оның айтуынша, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, туристер ағынының жылына 30% - ға дейін артуы олжалы аң аулауға келушілердің есебінен болуы мүмкін.
«Осыған байланысты, олжалы аң аулауды дамытудың маңызды шараларының бірі фермерлік аңшылық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, арқардың кәрі қошқарларын атып алудың ғылыми негізделген лимиті популяцияға әсер етпейді, ал кейбір жағдайларда оның өнімділігін арттырады. Мысалы, ұрғашы арқардың кейбір түрлері кәрі қошқардан ұрық ала алмай қалады. Себебі, кәрі қошқар ұрғашы арқарға қуатты жас арқар қошқарлардың шабуына мүмкіндік бермейді. Ал өзі жасына байланысты ұрғашы арқарлардың бәріне шаба алмайды», - деп толықтырды ол.


Көзі: Yunews.kz